Главная   /   Біздің қызметтер   /   Массаж

Массаж

  • тг

  • Тай фут массажы

    30/60/90 мин

    7000/11500/15000 тг

    Бамбук таяқшасымен фут массаж

    Тай фут массажы – бұл табан мен жіліншіктің әйгілі массажы. Уқалаушы аяқта орналасқан биологиялық белсенді - рефлексогенді  аймақтарды ынталандыра отырып, бүкіл ағзаға ықпал етеді. Табан массажы табиғи массаж майлары мен бальзамдарының қолданылуымен, тек қолдардың, саусақтардардың және шамшаттан жасалған ерекше таяқшаның көмегімен жасалады. Таяқша табандағы барлық нүктелерге сапалы ықпал етіп, терең массажды жасауға көмектеседі.         

  • Нүктелі массаж

    30/60/90 мин

    8500/16000/19000 тг

    Осы емдік процедура туралы айтатын болсақ, жалпы алғанда – бұл ағзаға жағымды әсер етудің, сонымен қатар оны сауықтырудың ең қолжетімді және кең таралған әдісі. Массаждың мәні сіз қатты ауырсынуды сезетін дене бөлігіне механикалық әсер ету болып табылады.   

    Бұл, ең алдымен, мүшелердің қызметін қалпына келтіруге, ағзадан қождарды шығаруға мүмкіндік беретін, жүйке қысылуларын емдеуге, қанайналымды жақсартуға және лимфаның жақсы жұмыс істеуіне арналған емдік массаж.   

     

  • Мойын-жаға аймағының массажы

    30 мин

    7000 тг

    Әсері иықтарға (жаға аймағы), қолдарға, арқаның жоғарғы бөлігіне бағытталған. Егер Сіз үнемі ширыққан күйде болсаңыз, бас ауруымен немесе  тұрақсыз қысыммен науқастансаңыз – бұл массаж дәл өзіңізге арналған.

  • Бас, құлақ, бет массажы

    30 мин

    7000 тг

    Бас, құлақ, бет массажы ауыр жұмыс күнінен кейін жүйке ширығуын басуға арналған керемет әдіс-амал. Ол мойынның ширыққан бұлшықеттерін босаңсытады және қанайналымды жақсартады. Нәтижесінде, оттегі миға жақсырақ жеткізіледі.

    Сонымен бірге бас массажы шашқа және бас терісіне пайдалы: ол май бездерінің қызметін реттейді және шаштың өсуіне жағдай жасайды. Бас массажы шаш түйіндеріне қоректік заттардың жеткізілуін күшейтіп, шаштың түсуіне жол бермейді және оның сыртқы көрінісін жақсартады.

    Бас, құлақ массажы ұйқысыздықпен, бассүйек ішіндегі қысыммен және үнемі артық ширығудан туындайтын бас ауруымен кеселденген адамдар үшін таптырмайтын шара. Сіз бірінші сеанстан кейін-ақ жеңілдікті сезесіз.

     

  • Бетке арналған массаж + маска

    30 мин

    8000 тг

    Бет массажы көптеген таңғаларлық қасиеттерге ие!

    Массаждың әсерінен қан теріасты қылтамырлары бойынша тезірек қозғала бастайды, жасушалардағы алмасу үдерістері қарқындырақ жүре бастайды. Тері қажетті қоректік заттарды көп мөлшерде алады, коллаген мен эластин екі есе жылдам бөліп шығарылады, тері серпімді болып, әжімдер тегістеледі, бұлшықет ұлпасы қатаяды және салбыраған тері әсері жоғалады.

  • Бетке арналған массаж + маска + скраб

    30 мин

    8500 тг

    Бет массажы көптеген таңғаларлық қасиеттерге ие!

    Массаждың әсерінен қан теріасты қылтамырлары бойынша тезірек қозғала бастайды, жасушалардағы алмасу үдерістері қарқындырақ жүре бастайды. Тері қажетті қоректік заттарды көп мөлшерде алады, коллаген мен эластин екі есе жылдам бөліп шығарылады, тері серпімді болып, әжімдер тегістеледі, бұлшықет ұлпасы қатаяды және салбыраған тері әсері жоғалады.

     

  • Қолдар массажы

    30/60 мин

    6000/10000 тг

    Қолдар – сіздің немен айналысуыңызға және кім болып қызмет атқаруыңызға тәуелсіз үнемі күтім жасауды талап ететін адам денесінің бөлігі. Дәл солар үнемі әр түрлі қарқындылығы бар түрлі сынақтарға ұшырайды.

    Қолдар массажы терінің сыртқы жағдайына, буындардың қозғалғыштығына және ұлпалардың созылғыштығына жағымды әсер береді. Сондай-ақ, ол тұздардың жиналуына кедергі жасайды және бірқатар ауруларды, мысалы, артритті емдеуге көмектеседі. Бұл процедура тырнақтың өсуін белсенді етеді, сонымен қатар бүкіл ағза қызметінің реттелуіне жәрдемдеседі.    

     

  • Арома массаж

    60/90/120 мин

    17000/20000/23000 тг

    Ароматерапия қанның айналысын жақсартады және зат алмасуды тездетеді. Оған қоса, осындай «жұпар» ем денені жасына жетпей қартаюдан сақтайды, әжімдерді тегістейді, буындардың қозғалғыштығын қайтарады, бұлшықеттердің ауыруын, ұюын және шектен тыс ширығуын  басады.

    Адам денесіне арома массаждың классикалық массажбен салыстырғанда әлдеқайда нәзік және жұмсақ әсер етуне қарамастан, оның нәтижелілігі әжептәуір жоғары. 

    Массаж ароматерапияның маңызды бөлігі болып табылады. Ол өзінде массаж қимылдарының пайдасы мен хош иісті заттектердің емдік күшін үйлестіреді және бүкіл ағзаның қызметі мен адамның психологиялық-эмоциялық күйіне жағымды әсерін тигізеді. 

    Массаждың арнайы әдіс-тәсілдері арқылы эфир майлары теріге енгізіледі, одан кейін лимфа ағыны мен қанайналымға сіңіріледі, бүкіл ағза бойынша таралады және өздерінің нағыз тағайындалу мақсатына жетеді – жан мен тәннің толық үйлесімділігіне әкеледі. Мұндай емнің құпиясы – эфир майлары бұлшықеттер мен терінің тез қызуына жағдай жасайды, ал белгілі бір иістердің әсері адамға жайланып, босаңсуға мүмкіндік береді.   

     

  • Дәстүрлі Тай массажы

    60/90/120 мин

    12000/15000/18000 тг

    Дәстүрлі тай массажы бойды толығымен еркін ұстауға да, тіршілік күш-қуаттарын табиғи арттыруға да қол жеткізу мүмкіндігін береді. Сонымен бірге қантамырларының тонусы жоғарылап, буындардың қозғалғыштығы артады. Сізге қажетті нұсқасын таңдау Сіздің денеңіздің даярлығына байланысты. Бірінші деңгейден бастау ұсынылады.  

     

  • «Стоунтерапия»

    60/90 мин

    20000/25000 тг

    Ыстық тастармен массаж

    Стоунтерапияның негізі ағзаның жылу реттеуіне, жүйке, эндокриндік, иммундық және жүрек-қантамыр жүйелеріне контрастық температуралардың әсер етуі болып табылатын массаждың бірегей техникасы болып келеді. Ыстық тастармен массаж – бұлшықеттерді босаңсытудың және зат алмасу үдерістерін үдетудің керемет тәсілі. Осындай массаждың кезінде қантамырлар кеңейеді, қанмен қамтамасыз ету және зат алмасу жақсарады. Сеанстан кейін жанның тепе-теңдігі орын алады. Суық тастармен массаж, керісінше, қантамырлар мен тері қылтамырларының тарылуына әкеледі (ыстық тастармен үйлесімде), көктамырлық іркілісті жояды. Сеанстан кейін бұлшықет тонусы жоғарылайды, ұлпаларға көбірек оттегі жеткізіледі.    

     

  • «Корольдік массаж»

    60/90 мин

    22000/30000 тг

    4 қолмен жасалатын массаж

    Екі шебердің орындауындағы арома массаж. Бұл массаждың мақсаты – ағзаны жан мен тәннің тепе-теңдігі күйіне жеткізу, тіршілік күш-қуатын көбейту, ағзаның жалпы тонусы. Сондай-ақ, ол көп отырып қызмет ету және аз қозғалысты өмір салты кезінде жұмысқа қабілеттілік пен ойлау шапшаңдығын арттыру үшін, созылмалы шаршау және күйзеліс жағдайы кезінде ұсынылады.      

     

  • «Хербал»

    90/120 мин

    22000/27000 тг

    Шөп қапшықтарымен массаж тай массажының түрі болып табылады. Оны орындау техникасы мен әдістемесі бірегей болып келеді, өйткені мұнда ароматерапия, акупунктура, йога кіреді, биологиялық белсенді нүктелер қыздырылады.  

    Массаждың бұл түрі нүктеліге жақын, алайда ол саусақтар мен қол буындары қолданбай орындалады. Олардың орнына емдік шөптердің жинақтарымен толтырылған, табиғи маталардан жасалған және процедураны бастау алдында белгілі температураларға дейін қыздырылған немесе салқындатылған қапшықтар қолданылады.

    Тай массажының басқа түрлері сияқты шөп қапшықтарымен массаждың тағайындалуы адам ағзасына релаксациялық әсері болып табылады, осының көмегімен психологиялық-эмоциялық күйзеліс күйі, бұлшықет-энергетика блогы алынады, белгілі бір ауру түрлері емделеді. 

     

  • Целлюлитке қарсы массаж

    60 мин

    19000 тг

    Арықтауға арналған массаж

    Ұсынылатын курс 10 сеанс

    Целлюлитке ұшыраған аймақтарға бағытталған массаж әр түрлі деңгейлерде жұмыс істейді. Біріншісі – қанайналымды жақсарту және майлы жерлерді жұмсарту. Ары қарай, массаждың лимфа жүйесіне бағытталуы. Ол май қыртыстарын уатады және жиналған сұйықтықты айдап шығарады.

    Және ақырында, целлюлитке қарсы массаж денені ұлпалар арасында жиналған уыттар мен тұздардан арылтады. Дененің целлюлитке ұшыраған тұстарына ұдайы және мақсатты түрде әсер еткен жағдайда, «апельсин қабығы», ақыр соңында, азаяды. 

     

  • Арқа массажы

    30 мин

    8000/12000 тг

    Массаждың бұл түрі көп отырып қызмет істейтін адамдар арасында әйгілі. Арқа тай массажының техникасы энергияны оятуға, ашуға және омыртқаның бойында орналасқан екі канал бойынша және жан-жаққа тарайтын екі канал бойынша еркін ағуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

     

© 2019, «ChabaSpa» спа-салоны
Сайтты құру - Артефакт

Нет, спасибо

Заказать обратный звонок

ОНЛАЙН ЖАЗЫЛУ

Онлайн жазылу және төлеу