Тай массажы

Дәстүрлі тай массажы – егжей-тегжейлері мен ерекшеліктері

Бүкіл дененің бойымен өтетін көрінбейтін энергетикалық сызықтар туралы ілімге негізделген, қытай халық медицинасы мен үнді йогасының бастауларын қамтитын көп ғасырлық тарихы бар Тай массажы осы сызықтарда орналасқан акупрессурлік нүктелерге әсер етіп, көптеген азаптардан құтқара алады. Сірә, дәстүрлі тай массажының ашыналық қызметтерге ешқандай қатысы жоқ екендігін бірден ескерткеніміз жөн. Себебі, тай массажының нағыз өнері – бұл қазіргі заманда қол жеткізу қиынға айналған бақытты, үйлесімді өмірдің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын ішкі үйлесімділікке әкелетін және энергетикалық деңгейдегі байланысты ұйғаратын, ағзаға ықпал ету жүйесі.       

Әсері және қарсы көрсетімдері

Дәстүрлі тай массажының басты нәтижелері рухани деңгейде сезіледі. Кейбір жағдайларда тай массажының сауықтыру нәтижелері массаждың кәдімгі түрлеріне қарағанда жақсырақ болады (қытай және жапон әйелдерінің ұзақ қартаймайтынын есіңізге түсіріңіз: айтарлықтай кемел жасқа жеткенге дейін олар жас қыздар сияқты көрінеді). Тай массажы ішкі теңгерімді қалпына келтіреді, дененің ширығуы мен бұлшықеттердің қысылуын басады, жүйке жүйесін үйлестіреді. Ағзаның жалпы тонусы жоғарылайды, өзіне сенушілік, жұмысқа қабілеттілік артады және көңіл-күй де жақсарады. Шын мәнінде, тай массажы ағзаның энергетикасын баптап, оның табиғи қалпына келтіру бағдарламаларын іске қосады.         

Алайда, тай массажының барлық айдан анық артықшылықтарына қарамастан, ол бүкіл проблемалардан әмбебап құрал болып табылмайды. Осылайша, оны жоғары артериялық қысым немесе жүрекпен байланысты проблемалар болған кезде абайлап қолдану қажет. Сонымен қатар жүктілік, остеопороз, сыну, омыртқа дискілерінің елеулі ығысуы, онкология кезінде массажды жасатудан бас тарту ұсынылады. Жұқпалы тері аурулары кезінде де массаж жасалмайды. Ал егер тамырлардың варикоздық кеңеюі, жақын арада сынулар болса, сүйек протездері немесе штифтердің орнатылуы анықталса, онда денедегі бұл аймақтарды тиіспей айналып өтеді. Ал артрит пен тыныс алу проблемалары болған кезде, массажды жұмсағырақ, кейбір шектеулермен жасайды. Сонымен бірге тай массажын, әдетте, жоғары температура, алкогольді масаю, асқазанның толы болуы кезінде жасамайды.         

Тай массажын шығыс медицинасының ең есте қаларлық элементтерінің бірі және Таиланд пен біздің «Chaba Spa» салонымыздың визит карточкасы деп атауға болады.   

 

© 2019, «ChabaSpa» спа-салоны
Сайтты құру - Артефакт

Нет, спасибо

Заказать обратный звонок

ОНЛАЙН ЖАЗЫЛУ

Онлайн жазылу және төлеу