Главная   /   Біздің қызметтер   /   Oil массаж

Oil массаж

  • Хот оил

    60/90/120 мин

    18000/20000/24000 тг

    Табиғи хош иісті майлармен бүкіл дененің массажы бірсарынды, жұмсақ басу және сылау қимылдарымен орындалады. Ыстық майды пайдаланудың көне өнері теріге жақсы әсерін тигізеді (ылғалдандырады, нәрлендіреді, сергітеді) және жайландыратын әсерге ие: жүйке шиеленісін басады, шаршаңқылықты жояды, ұйқыны жақсартады. Сеанс кезіндегі жағымды эмоциялар мен ләззат және терең релаксация мен қалпына келтіру – массаждың нәтижесі.

     

  • Арома массаж

    60/90/120 мин

    17000/20000/23000 тг

    Ароматерапевтік массаж  адамның денсаулығы мен көңіл-күйіне жағымды әсер ететін дәстүрлі массаж техникалары және эфир майлары мен олардың қоспалары қолданылатын массаж түрлерінің бірі болып табылады. Пайдаланылатын эфир майларына қарай арома массаж жүйке жүйесін әлдендіреді, тыныс алуды жақсартады және зат алмасу өнімдерінің ағзадан шығарылуын тездетеді, қанайналым мен зат алмасу үдерісін ынталандырады.      

     

  • Спорттық массаж

    60/90/120 мин

    17000/20000/23000 тг

    Спорттық массаж спортшының жүйке-бұлшықет аппараты жағдайын жақсартуға, сонымен қатар спорттық жұмысқа қабілеттілікті арттыруға бағытталған. Бұл массаж спорттық күйге жылдам келуге және тонусты арттыруға жағдай жасайды.

     

  • Бали массажы

    60/90 мин

    16000/20000 тг

    Бали массажы – адамның бойды еркін ұстауы үшін ғана емес, сонымен бірге психологиялық жағдайын тұрақтандыруға, күйзеліспен күресуге және тері мен бұлшықеттегі қанайналымды жақсартуға арналған процедура.  

     

  • Швед массажы

    60/90 мин

    16000/20000 тг

    Швед массажы баяу жасалады және осының арқасында психотерапевтік әсерге ие. Әдістеме сипалауды, сылауды, қағуды және басуды қамтиды – әрекеттер белгіленген реттілікпен орындалады, бұл ұлпаларды алдымен қыздырып алып, одан кейін оларға терең және мұқият ықпал етуге көмектеседі

  • Арқаға арналған массаж

    30/60 мин

    8000/12000 тг

    Массаж сауықтыратын, күйзеліске қарсы және нығайтатын процедура ретінде тиімді. Арқа массажы бұлшықет корсетін қатайтады және сонымен бір мезгілде зақымданған ұлпаларды қалпына келтіруге, қанның айналысын күшейтуге, ісігендікті басуға және ішкі мүшелердің жұмысын жандандыруға көмектеседі. Омыртқа мен арқа бұлшықеттеріндегі өзгерістер сөзсіз ішкі мүшелердің жұмысына да әсерін тигізеді, өйткені жұлын түбірінің жүйке ұштары жүрекке, бауырға, асқазанға және ішекке өтеді. 

     

  • Жүктілерге арналған массаж

    30/60 мин

    8500/11000 тг

    Жүктілік – әр әйелдің өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі. Болашақта ана болу бақытына және өз күйінен аздаған жайсыздыққа толы дәл осы кезеңде өз ағзаңызды еркелету керек. Массаж жан мен тәннің үйлесімділігіне, жайлануға және бойдың босаңсуына денеге тию арқылы жетуге мүмкіндік беретін тиімді тәсіл болып табылады. Тәжірибелі шеберлер қызықты жағдайдағы әйелдердің массажына толық жауапкершілікпен кіріседі және жүктілік кезінде рұқсат етілген техникаларды ғана қолданады.     

     

  • Балаларға арналған массаж

    30/60 мин

    6000/9000 тг

    Балалар массажы баланың сауығуы мен емделуіне ғана емес, сондай-ақ, оның жылдам және үйлесімді психофизикалық дамуына да жағдай жасайды. Балаларға арналған массаж ды сүйек-бұлшықет аппаратын нығайту және жалпы сауықтыру мақсатымен жасайды. Ол жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді, қозғалыс үйлесімділігін жақсартады, иммунитетті күшейтеді.

     

© 2019, «ChabaSpa» спа-салоны
Сайтты құру - Артефакт

Нет, спасибо

Заказать обратный звонок

ОНЛАЙН ЖАЗЫЛУ

Онлайн жазылу және төлеу